Заңнама

Бір мемлекетте қабылданған заңдар мен норматив-құқық актілерінің жалпы атауы. Заң жасау, шығару мен қолдану тәжірибесі де осылай аталуы мүмкін. 




Азаматтар өмірі, қоғамдағы қатынастар үнемі дамып, өзгеріп отырады, соған байланысты мемлекеттегі заңнама да жетілдіріліп отырады. Қоғамның күнделікті өмірінің өзі белгілі бір заңдарға мұқтаждықты туғызуы мүмкін. Міне, сол кезде елдегі заң шығару орындары (парламент) қатынастарды реттейтін, мәселелердің шешімін табатын, қылмыс түрлеріне жаза белгілейтін, басқа да норматив-құқық актісін әзірлейді. Әуелі ол заң жобасының тұжырымдамасы, заң жобасы ретінде қоғамның, парламенттің кең, жан-жақты талқысына түседі. Барлық даулы тұсы реттелгеннен кейін мақұлданады, президенттің қол қоюына жіберіледі. 


Қазақстанда қандай заңдар қолданылып жатқанын мына жерден көруге болады. Заңның заң жобасынан айырмасы туралы да оқи отырыңыз.


20/10/2020 12:53 4648 0

20/10/2020
12:53 4648 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление